- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда Астана күніне орай жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды (ФОТО)
Талдықорғанда Астана күніне орай жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды (ФОТО)
Өз сөзінде облыс әкімі жастар саясатын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталып өтті:
“Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады» - деп Қазақстанның гүлденуін жас ұрпақпен тікелей байланыстырады. Сондықтан Тәуелсіздігіне 25 жыл толған елімізді құрып, ұлы істі бастап берген алдыңғы толқынның ізін лайықты жалғастыру – Сіздер, жастардың міндеті. Бүгінгі ашылып отырған Жастарға қызмет көрсету орталығы жастардың жаңа идеялары мен жобаларына бағыт береді, күш-жігерін біріктіріп, түрлі мәселелері бойынша көмек көрсетеді. Жастардың әрі демалатын, әрі білімін жетілдіретін, әрі пікір алысатын, оларды жан-жақты қолдауға барлық мүмкіндіктер жасайтын ортақ шаңырақ болады деп сенеміз, - деді А. Баталов.
Мұнан соң Алматы облысының Құрметті азаматы, актер Әлімғазы Райымбеков жастарға деген тілегін ақ батамен жеткізді.
Аталмыш ғимараттың құрылысын жүргізген «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС басшысы Айдар Қиялбай орталықтың символикалық кілтін Жастар ресурстары орталығының директоры Айдын Нұрмұханбетовке салтанатты түрде тапсырды.
Жастар өкілдері атынан сөз алған жас маман, Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушысы Нұрлыбек Әубакеров мемлекет тарапынан жас буынға осындай ұланғайыр жағдай жасалып отырғанда жастар да өздерінің білімімен, белсенділігімен, іскерлігімен қоғам дамуына айтулы үлес қосатынын жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін қонақтар Орталықтың ішімен танысып, түрлі кабинеттерді, студияларды, интернет-кітапхананы, коворкинг, фитнес-орталықты, антикафе, сол сияқты білім беру, жұмыспен қамту, жастардың жобаларын қолдау бағыттарындағы консультациялық орталықтарды аралап көрді.
Жалпы, Жастарға қызмет көрсету орталығы бірнеше бағытта қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020», «Қолжетімді тұрғын үй - 2020», «Серпін - 2050», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша жастар арасында түсіндіру-насихаттау бағытында жұмыс жүргізбек. Ол үшін Орталық осыдан бір жыл бұрын бағдарламалардың әкімшісі саналатын мемлекеттік органдарға жастарды арнайы тағылымдамадан өткізіп, тәжірибе жинақтауына жағдай жасаған. Қазіргі кезде сол мамандар жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша бағыт беретін болады.
Екіншіден, жастардың бос уақытын тиімді де пайдалы ұйымдастыру жұмысын үйлестіріп отырмақ. Оған ғимаратта атап өткен заманауи құрылғылар мен бөлмелерде барлық мүмкіндіктер бар.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді