Е.Ыдырысов: ҚР СІМ 2017-2018 жылдардағы БҰҰ ҚК-ге жұмыс жоспарын әзірлеуде

5 Шілде, 2016 16:04
Сыртқы істер министрлігі 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК-дегі жұмыс жоспарын әзірлеуде, деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Қазақстандағы жұмыс осы екі жылдың ішінде алдағы басты шараларға негізделеді. Бірінші кезекте, «Әлем.XXI ғасыр» манифесінде қозғалған БҰҰ БА 70 сессиясында айтылған  Президенттің терроризмге қарсы шараларын жүзеге асыру,  ЕЫҚҰ, ШЫҰ,, ТМД кезінде төраға ретіндегі құндылықтар мен бастамаларды, идеяларды қамтамасыз ету», - деді Е.Ыдырысов.

Сондай-ақ, Еуразия кеңістігіндегі қалыптасқан дауларды шешудің жолдарын табу.

«Әлемдік қауымдастықтың Орталық Азиядағы проблемаларды шешуге тарту. Бірінші кезекте, өңірлік қауіпсіздік саласы, лаңкестікпен күрес, экстремизм, экономикалық проблемалар. Жаһандық серіктестікті, өндірістік қамтамасыз ету», - деді ол.

Министр айтып өткендей, Қазақстан өтінішінің жеңімпаз атануы Елбасының терең әрі салиқалы бастамаларының нәтижесі болып отыр.

Е.Ыдырысов айтып өткендей, министрлік 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК-дегі жұмыс жоспарын әзірлеуде.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар