- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық қамту: Алматыға азық-түлік өнімдерін Павлодар облысынан таситын болады
Қазақстандық қамту: Алматыға азық-түлік өнімдерін Павлодар облысынан таситын болады
Жүргізілген сараптама көрсеткендей, мегаполисте үлкен көлемде импорттау жасайтын 86 тауарлы топ анықталды. Мысалы, олар тұтынатын ірімшік пен құс етінің жартысын, шұжық өнімдері мен сары майдың 40%-н сырттан тасиды.
Қала билігі отандық тауар өндірушілерді халыққа ең қажетті деген тауарларды шығарып, ел ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Осы және өзгеде көптеген мәселелер Алматы қаласы мен Павлодар облысы арасындағы өңіраралық кооперация аясындағы ынтымақтастық бойынша өткен мәжілісте айтылды.
«34 банк секторы, басты кәсіпорындардың басым көпшілігі мен 100 мыңға жуық банк саласының қызметкерлері бізде. Біз Павлодар облысына банк қызметін көрсетуге, инвесторлар ұсыну жағынан көмектесе аламыз. Бізде банктердің басым көпшілігімен біздің кооперацияны қолдау бойынша Меморандудар бекітілген. Бұл сала бойынша сіздерде қандай да бір мәселе туындаса, біз көмектесуге дайынбыз. Біз жылына 11 млрд. доллардың туарын тасимыз. Егер біз ол тауарларды сатып алатын болсақ та, сататын болсақ та, сол ақшаның барлығы елдің ішінде қалар еді. Алматы – шикізатты емес аймақ. Бізде Павлодар облысымен өзара тиімді ынтымақтастық белгіленген. Алматыға қажет дүние Павлодарда бар. Ал, Павлодарға қажет дүниелер Алматыда бар. Біз сіздерден 100% көлемде туар сатып аламыз деп уәде береміз»,-деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов.
Өз кезегінде Павлодар облысының ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері мегаполиске тауардың көптеген т үрлерін жеткізуге дайын екендерін айтты.
Осылайша, Алматыда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қазақстандық қамтудың ұлесін арттыру бойынша берген тапсырмасын орындау жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды