• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өскеменде мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында жаңа балабақша құрылысының капсуласы салынды

Өскеменде мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында жаңа балабақша құрылысының капсуласы салынды

5 Шілде, 2016 19:03
Астана Күні қарсаңында Өскеменде болашақ 140 орындық балабақшаның ірге тасына капсула салу салтанатты рәсімі болды.

ШҚО ақпарат орталығынан хабарлағандай, бұл салынатын мектепке дейінгі мекеме Арматурный ауданы тұрғындарының балабақша кезегін қысқартатын болады. Аталмыш әлеуметтік жоба Өскемен қаласы әкімдігі мен Қазақстандағы AES компания тобымен және «Орталық Азиядағы Еуразия Қоры» арасындағы 2014 жылы қол қойылған әлеуметтік жауапкершілік корпоративі бойынша өзара ынтымақтастық меморандумын жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Балабақша ғимаратының құрылысы аяқталғаннан кейін ешқандай төлемсіз қалаға сыйланатын болады.

Жалпы алаңы 2197,45 шаршы метрді құрайтын екі қабатты балабақшаның құрылысы биыл басталады. Балабақшаның орналасқанын жерін облыс орталығының әкімдігі Арматурный ауданы жұртшылығына осындай бір мекеменің қажет екенін ескеріп таңдаған.

Құрылыс жұмысын бастауға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омаров салтанатты түрде нұсқау берді. 

Барлық жаңалықтар