• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Абаев: Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді және тең құқылы мүшесіне айналды

Д.Абаев: Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді және тең құқылы мүшесіне айналды

5 Шілде, 2016 15:06
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қарай Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді және тең құқылы мүшесіне айналды, деді Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Дипломатиялық бизнес клубтың отырысында.

«Салыстырмалы өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан беделді әлемдік ұйымның мүшесі ғана емес,  оларда төрағалық етіп те үлгерді. Жақында  елдегі тағы бір тарихи сәтке куә болдық. Біздің ел  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланды.  Басты кезекте, бұл Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі болып отыр. Меніңше, Қазақстанның тәжірибе мен беделі жаһандық маңызды істерді шешуге шамасы жетеді», - деді Д.Абаев.

Ведомство басшысы, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына енуі  қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудың жалғасы болып келеді.

Сондай-ақ, ол айтып өткендей, Тәуелсіздіктің 25 жылдығында  Қазақстан  әлемдік қауымдастықтың беделді және тең құқылы мүшесіне айналды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар