- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігінің 10 армиялық спортшысы Қазақстанның туын желбіретін Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға аттанады
Қорғаныс министрлігінің 10 армиялық спортшысы Қазақстанның туын желбіретін Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға аттанады
Олимпиадалық жолдама иегерлерінің қатарында қазақстандық жеңіл атлетші капитан Ольга Рыпакова, жеңіл атлетші қатардағы жауынгер Михаил Красилов, былғары қолғап шеберлері аға сержант Біржан Жақыпов, ефрейтор Қайрат Ерәлиев пен ҚР ҚК-нің қызметкері Жәнібек Әлімханұлы, ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы Юрий Юрков – оқ ату, 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев – байдаркаларда есу, кіші сержант Ғалымжан Үсербаев – еркін күрес, ефрейтор Руслан Жапаров – таэквондо және заманауи бесайыста өнер көрсететін ҚР ҚК-нің қызметкері Елена Потапенко бар, деп әскери ведомствода хабарлайды.
Жақында ғана Қазақстан олимпиада құрамасының мүшелерімен Мемлекет басшысы кездесті. Елбасы ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы ефрейтор Руслан Жапаровқа Мемлекеттік туды табыс етті. Ол олимпиадалық құрамамыздың ту ұстаушысы ретінде өнер көрсетеді және Олимпиадада еліміздің басты мемлекеттік символын көтереді.
«Олимпиадалық ойындарға қатысу және өз елінің туын арқалау – әрбір спортшының арманы. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені, ел бізге үкілеген үміт артады. Және біз осы үмітті ақтап, Қазақстанды жоғары деңгейде көрсетіп, үйге алтын медальмен оралғымыз келеді», - деп ефрейтор Руслан жапаров ойымен бөлісті.
ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында айтқандай, қазіргі кезде спортшылардың соңғы жаттықтыру жиыны өтіп жатыр. Ал 1 тамыздан бастап олар олимпиадалық қалашыққа жөнеле бастайды. Спортшылар жақсы дайындалып жатыр. Бұл Олимпиадада әрқайсысының өз мақсаты бар. Алтынды еншілеп, рекорд жасау.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде