- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында көкжөтелмен сырқаттану 7 еседен аса төмендеді
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында көкжөтелмен сырқаттану 7 еседен аса төмендеді
2015 жылы ересектер арасындағы көкжөтелдің 74 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,43) тіркелді, 1991 жылы 562 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3,34) болған еді. Сонымен бірге, балалар арасындағы көкжетелдің 74 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1,63) тіркелді, 1991 жылы 555 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 10,4) тіркелген болатын, деп ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлайды.
Көкжөтел – ауа-тамшы жолымен жұғатын, интоксикациямен, спазматикалық жөтелу ұстамаларымен және құсумен сипатталатын жіті антропонозды бактериалдық инфекция. 2 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.
Инфекцияның жалғыз көзі ауру адам болып табылады. Барлық адамдар (балалар және ересектер) көкжөтелді өте тез қабылдайды. Иммунитеттің төмендеуі кезінде ауру адаммен тығыз қатынаста болған жағдайда сырқаттану қауіпі 100 % жетеді. Алайда, ауру адаммен тығыз қатынаста болған жағдайда ғана көкжөтелді жұқтыруға болады, өйткені инфекция қоздырғышының таралуы 2-3 метрден аспайды.
Инкубациялық кезеңі орташа алғанда 5-9 күнді құрайды, алайда 3 тен 20 күнге жетуі мүмкін.
Көкжөтел балалар өмірінің бірінші айында аса ауыр, кей жағдайда өлім-жітіммен өтеді. Емшектегі балаларда бірнеше жөтелуден кейін демалысы қысқа мерзімге тоқтауы мүмкін (бірнеше секундттардан бір минутқа дейін және одан аса), бұл адам өміріне өте қауіпті. Пневмония (бронхопневмония) түріндегі және энцефалопатия (бас миындағы өзгерістер, құрысу салдарынан өлім-жітімге алып келуі мүмкін және өзінен кейін тұрақты зақымдаулар қалдырады, кереңдік немесе эпилептикалық ұстамалар) түріндегі асқынулар жиі кездеседі.
Балаларда аурудың алдын-алудың негізгі әдісі вакцинациялау болып табылады. Қазіргі кезде 5 валентті (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, сал ауруы, b типті гемофильді инфекция) және 6 валентті вакциналар (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, b типті гемофильді инфекция, гепатит В) жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
Вакцинациядан бас тарту - инфекцияға бейім адамдардың санын арттыруға және сырқаттанушылықтың бұр етпесін тудыруы мүмкін.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді