• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Ыдырысов: ҰҚШҰ өңірлік және халықаралық деңгейде терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің ортақ тәсілін құру процесстерінің үдеткіші болуы мүмкін

Е. Ыдырысов: ҰҚШҰ өңірлік және халықаралық деңгейде терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің ортақ тәсілін құру процесстерінің үдеткіші болуы мүмкін

5 Шілде, 2016 11:43
2016 жылы 4 шілдеде Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Кездесудің басты мақсаты үстіміздегі жылдың қазан айында Ұйымның мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына дайындауы болды, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Кездесуге қатысушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ әлемде қалыптасып келе жатқан жағдайда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Е. Ыдырысов терроризмнің таралуы барлық елдер үшін ортақ сын-қатерге айналғанын ерекше айтты. «ҰҚШҰ өңірлік және халықаралық деңгейде терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің ортақ тәсілін құру процесстерінің үдеткіші болуы мүмкін», – деп атап өтті министр. Осы орайда, ол ҰҚШҰ шеңберінде бірқатар БҰҰ аясында Жаһандық антитеррорлық коалиция (желі) құруға бағытталған нақты іс-шараларды іске асыруды ұсынды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Қазақстан кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдіре отырып, Е. Ыдырысов Астана БҰҰ ҚК-ға мүшелігін өңірлік және халықаралық деңгейде қауіпсіздік мәселелерін ілгерілету үшін пайдаланатынын айтты және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында жариялаған халықаралық бастамаларының, соның ішінде терроризмге және экстремизмге қарсы ұжымдық күш салу бойынша бірлесіп іске асыруына үміт білдірді.

Отырыс барысында сыртқы саясат ведомстволардың басшылары ҰҚШҰ-дың 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған Ұжымдық қауіпсіздік стратегиясының жобасын, сондай-ақ 2015 жылы желтоқсан айында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясы барысында қабылданған шешімдерді іске асырудың аралық қорытындыларын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша делегация басшылары Сириядағы және оның төңірегіндегі жағдай туралы, Таулы Қарабақтағы шиелінісін реттеу туралы мәлімдемелер қабылдады, сондай-ақ 2016 жылға арналған бірлескен мәлімдемелер тақырыптарының тізімін бекітті. Бұдан басқа, 2016 жылдың екінші жартысы мен 2017 бірінші жартысына арналған сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің консультациялар жоспарына қол қойылды.

Сол күні Е. Ыдырысов Арменияның Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен келіссөздер жүргізді. СІМ басшылары қазақстан-армян ынтымақтастық мәселелерінің толық жиынтығын, жоғарғы деңгейде байланыстар дайындығын жан-жақты талқылап, негізгі өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасты. Қазақстан мен Армения арасындағы достық қарым-қатынастардың одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығару үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруге екі елдің сыртқы саясат ведомстволары белсенді жәрдемдесу туралы уағдаласылды.

Барлық жаңалықтар