- Басты
- Жаңалықтар
- Универсиада 2017: Алматыда 12 мың орынды Мұз аренасының құрылысы аяқталды
Универсиада 2017: Алматыда 12 мың орынды Мұз аренасының құрылысы аяқталды
Атап өтерлік жайт, құрылыс бюджетін 32 млрд. теңгеден 17 млрд. теңгеге оңтайландыруға қарамастан, спорт нысаны үш ай мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп отыр. Қазір мұнда ішкі реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс барысында қазақстандық сипат 60%-дан асты. Бұл туралы кеше Алматы әкімі Бауыржан Байбекке көшпелі жиын барысында айтылды.
Абаттандыру мен жасылдандыру жөніндегі жұмыстар да аяқталып қалды. Мұз аренсының кіре берісіне ағаштар, гүлдер мен гүлзарлар отырғызылған. Құрылыс айналасы мегаполисті абаттандырудың ұлттық колоритіне сай бірыңғай концепциясы бойынша жасалған. Кіші архитектуралық формалар, урналар мен орындықтар этникалық орнамент негізінде айшықталған.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылдың ақпан айында Универсиадаға қатысты өткен кеңесте алқалы спорттық шараны өткізу мегаполистің одан әрі дамуына жаңа серпіліс беруі тиіс екендігін қадап тұрып айтқан еді. Сонымен қатар, қаланың архитектуралық келбеті де оң өзегірске ұшырап, мейрамханалар мен қонақ үйлердің, қоғамдық көллік пен спорт нысандарының сервистері де жақсаратындығын баса көрсеткен болатын.
12 мың орынды Мұз аренасында универсалды мұз айдыны, көремендер орындары бар, мұнда түрлі деңгейдегі жарыстарды, шайбалы хоккейден, мәнерлеп сырғанаудан, шорт-тректен оқу-жаттығу үрдістерін, түрлі мәдени шараларды өткізуге болады. Кешен үш блоктан тұрады, «А» блогы - 12 мың орынды мұз аренасы, «Б» блогы - денешынықтыру, сауықтыру айдыны мен блок, «В» блогы - жүзу бассейні.
Қала басшысына Универсиаданың барлық обьектілері дер кезінде пайдалануға берілетіндігі айтылды. Қазіргі кезде Алатау ауданындағы 5 мың орынды Атлеттер ауылының және Медеу ауданындағы 3 мың орынды Мұз аренасының құрылыстары қарқынды жүріп жатыр.
Айтып өтейік, халықаралық қысқы студенттер ойындары Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Осынау алқалы спорттық додаға 60 елдің 2 мыңға жуық спортшысы қатысады. Үш мыңға жуық волонтерлер қатысады деп жоспарлануда. Жарыстар 8 спорт нысанында спорттың 12 түрі бойынша өтеді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде