- Басты
- Жаңалықтар
- Соңғы 13 жылда Қазақстанда 133 мыңнан астам телемедициналық консультация өткізілді
Соңғы 13 жылда Қазақстанда 133 мыңнан астам телемедициналық консультация өткізілді
Тек 2015 жылы әртүрлі нозологиялар бойынша 24 мың 970 телемедициналық консультация өткізілді. Ерекше қажет болған консультациялар: кардиология бойынша 5 мың 600 сеанс, пульмонология бойынша – 3 мың 215 сеанс, неврология бойынша – 2 мың 251 сеанс және тағы басқалары.
Бүгінгі күні Ұлттық телемедицина желісі (бұдан әрі - ҰТЖ) еліміз бойынша 199 денсаулық сақтак нысанын біріктіреді және аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерге бөлінеді. Аудандық деңгейдегі (141 аудандық және қалалық аурухана) медицина ұйымдарының қызметкерлері консультацияларды облыстық ауруханалар мен республикалық медицина орталықтарындағы әріптестерінен ала алады.
Телемедицинаның көмегі арқылы дұрыс диагнозды дер кезінде қою және емдеу, медицина қызметкерлеріне пациенттерге медициналық көмекті шұғыл көрсетуге, азаматтардың жол жүру шығындарын қысқартуға, сондай-ақ, медицина ұйымдарының облыстық және республикалық клиникаларға ауыр жағдайдағы пациенттерді жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
ҰТЖ денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс тәртібінде селекторлық жиындар мен республикалық штабтарды өткізу үшін пайдаланылады
Медицина ЖОО-ның, республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының мамандары бейінді аурулар бойынша облыстық, аудандық ауруханаларының медицина қызметкерлері үшін телевизиялық оқыту лекциялары мен семинарларын өткізеді.
Қазақстанда 2004 жылдан бері Ұлттық телемедицина желісін құру және дамыту жөніндегі жоба іске асырылып жатқанын естеріңізге саламыз. Ол пациенттерге облыстық және республикалық медицина орталықтарының орналасқан жерлері мен қашықтығына қарамастан білікті дәрігерлердің телемедициналық консультацияларын алу үшін арналған. ҰТЖ мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігіндегі республиканың қала және ауыл тұрғындары арасындағы айырмашылықты жоюға мүмкіндік береді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады