- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның Түлкібас ауданының тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамтылды
ОҚО-ның Түлкібас ауданының тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамтылды
"Ауданның таулы аймағында орналасқан Келтемашат ауылдық округінің Дәубаба-1, Дәубаба-2 және Төрткүл ауылдарына жеткен табиғи газды беру салтанатына қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов жергілікті халықтың қуанышымен бөлісті. Облыс әкімі ондағы 94 жастағы жергілікті ақсақал Сұлтан Кенжебековпен бірге көгілдір отын алауын жағып, қарияның шаңырағында болып, дастарханынан дәм татты",- деп әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарлайды.
Айта кеткен жөн, бүгінгі көгілдір отын жеткен үш елді мекенде 1,5 мыңға жуық халық тұрады. Бұл жұмыстар үшін облыстық бюджеттен 2 014 млн. теңге бөлінген. Бас қаланың туған күні қарсаңында Түлкібастың толықтай газдандырылуының тұспа-тұс келуі – бұл ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық белесіндегі үлкен жетістік десті жұрт.
Жалпы ұзындығы 34,27 шақырым болатын газ құбырының құрылыс жұмыстарын «Энергоресурс» ЖШС мекемесі жүргізген. Мердігердің айтуынша, газ өткізу жұмыстары 2015 жылы басталып, осы жылдың маусым айында аяқталыпты. Айта кеткен жөн, жалпы ауданда соңғы 5 жылда 37 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілген.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді