- Басты
- Жаңалықтар
- Каирде Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктері талқыланды
Каирде Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктері талқыланды
ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, оған Қауымдастықтың Бас хатшысы Ф.Туған, МАР Парлментінің депутаты У.Әл-Абд, Уақыфтар министрінің орынбасары Х.Хамид, Мысырдың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Н.Саляма, Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің тең төрағасы А.Килани, Араб мемлекеттері лигасы өркениеттер диалогы жөніндегі департаментінің директоры С.Бибарс, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, сарапшылар мен ғылыми орталардың, жетекші БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл Қазақстан достарының кезекті отырысы еіліміздің және оның көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тұрақты және дамыған мемлекетті құруға, өңірдегі және жалпы әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған соңғы бастамалары мен жетістіктеріне арналды.
Атап айтқанда, Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Б.Арын Мемлекет басшысы ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінің негізгі мазмұнымен таныстыра отырып, Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту шеңберінде елімізде жоспарланған іс-шаралары туралы хабардар етті.
Қауымдастық мүшелері Елбасының сыртқы саяси бастамаларын жоғары бағалап, Қазақстан халқы мен басшылығын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады және Астананың ядролық қарудан және соғыстардан азат әлем құру ісіне бұдан да зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Кездесу қасиетті Рамазан айында өткендіктен, Елшілік ауызашар ұйымдастырып, онда қатысушылар әлемнің қазіргі ахуалы және Қазақстан мен Мысыр ынтымақтастығын түрлі салаларда дамытудың жолдары төңірегіндегі пікір алмасуларын жалғастырды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстанның бейбіт бастамалары