- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Астана күні қарсаңында 60 жас отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Қызылордада Астана күні қарсаңында 60 жас отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Жаңа 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 2014 жылы басталған. Жоба құны – 457 млн. теңге, деп Қызылорда облысының әкімдігінде хабарлайды.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасында көзделген талаптарға сәйкес келетін қызылордалық 60 жас отбасы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 4 пайыздық жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен алып отыр»,- деп хабарламада айтылған.
«Халықты баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың бірі. Облыста мемлекет қаржысы есебінен салынған тұрғын үй көлемі 3,5 есеге, Қызылорда қаласындағы тұрғын үй құрылысы – 8 есеге өсті, пәтерге кезекке тұрғандар саны 17%-ға азайды. Соңғы үш жылда Қызылорда облысында 8901 пәтер салынып, тапсырылса, 2015 жылы облыс орталығында аумағы 190 мың шаршы метр 2684 пәтерлі, көпқабатты 52 үй салынды. Бұл – жылдар бойы жеке баспана күткен, асыл армандарына жетіп, қоныс тойын тойлаған отбасының саны», - деді облыс әкімі.
Аймақта биыл да былтырғыдан кем емес көлемде құрылыс жүреді.
Нақтырақ айтсақ, мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылы тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде алдағы екі жылда республикада 29 400 жаңа пәтер пайдалануға берілуі тиіс.
Аталмыш тапсырма аясында Қызылорда облысында жалпы саны 4 мыңнан астам пәтер болатын 70 көпқабатты тұрғын үй салынуы жоспарланған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді