• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да Мәжіліс депутаттары Тассай индустриалды аймағының жұмысымен танысты

ОҚО-да Мәжіліс депутаттары Тассай индустриалды аймағының жұмысымен танысты

5 Шілде, 2016 09:32
ҚР Мәжіліс депутаттары Тассай индустриалды аймағының жұмысымен танысты, деп Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлайды.

Сонымен қатар, депутаттар индустриялық аймақта іске асырылып жатқан «Мега Смарт» ЖШС-ның жылтыр МДФ плиталарын өндіретін зауытының құрылыс барысымен танысты.

Жалпы, индустриялық аймақ құрылысына ұлттық қордан 1,0 млрд.теңге бөлініп, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл аймақта жалпы құны 18,7 млрд. теңгеге 18 жоба іске асып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуда. Яғни, бюджеттік 1 теңгеге 18,7 теңге жеке инвестиция тартылмақ. Сондай-ақ, мұнда жыл соңына дейін 5 жобаның іске қосылуы күтілуде. Онда 200-ден астам жұмыс орындары құрылатын болады. Аймаққа инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Депутаттар Оңтүстікте атқарылып жатқан игі шараларға оң бағасын беріп, әрмен қарай өзге де нысандармен танысуды жалғастырды.

Барлық жаңалықтар