- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік аптасы басталды
Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік аптасы басталды
Түрлер мен әскер тектерінің әскери қызметшілеріне кәсіби жауынгерлік және дене даярлығының негізгі нормативтері бойынша сынақ тапсыруға тура келеді, бөлімшелер әскери техниканы тарта отырып, берілген аудандарға марш жасайды. Іс-шаралар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша өткізіледі. Ең алдымен бөлімшелер мен взводтар, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар (әскер тектері) деңгейінде, содан кейін әскер түрлері деңгейінде және Қарулы Күштер ауқымында, деп ведомствода хабарлайды.
Бүгін Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының әскери қызметшілері 68665 әскери бөлімінің полигонында атыс даярлығы бойынша сынақ тапсырды. Офицерлер мен сержанттар Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқ атты. Басқару органдарында жекелеген және бірлескен штабтық жаттықтырулар өткізілді.
Жауынгерлік әзірлік аптасы армияның шынайы мүмкіндіктерін, түрлер мен әскер тектері бөлімдері мен бөлімшелерінің қысқа мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыру қабілеттілігін тексеруге, қарсыласпен ұйымдасқан түрде ұрысқа кірісуге және қойылған тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.
Бүгін әскери жанжалдардың сипаты күрт өзгеруі, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілері енгізілуі жағдайында әскери қызметшілерден жан-тәнімен толық беріліп істеу, сапалы білім алу, жоғары шеберлік пен жылдам ауысатын ахуалға жедел ден қою шеберлігі қажет етіледі. Әскери қызметшілердің айтуынша, толық жауынгерлік әзірлікте болу үшін өз-өзінді қамшылап, әрдайым физикалық тұрғыда шынығу, ерлік, табандылық, шыдамдылық, тәртіптілік пен атқарушылық сынды қасиеттерді баулу қажет.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы