Көкшетаулық 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды (ФОТО)

4 Шілде, 2016 18:46
Астана күнін көкшетаулық 30 отбасы жаңа пәтерде тойлайтын болады, деп Ақмола облысының әкімдігінде хабарлайды.

Айта кетейік, аймақ басшысы Сергей Кулагин жаңа пәтердің кілтін иелеріне табыстап, оларды екі мерекемен құттықтады – қоныс той және Астана күнімен.

«Тәуелсіздіктің бірінші жылынан бастап Ұлт көшбасшысы –Н.Назарбаев барлық қазақстандықтар үшін біздің мемлекетті үлкен ортақ үй ретінде құруға талпынды. Сол себепті, Елбасының осы жылдар ішінде бағыттаған саясатының бірі, отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатты іске асыру үшін тиісті мемлекеттік шаралар жасалынды және ол көптеген қазақстандық санаттарға қолжетімді болды. Ең бастысы, адамадар жұмыс жасауы керек және тиісті жалақыны алуы керек. «Қолжетімді баспана 2020» Мембағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үйді табыстау біздің халық тұрғындары үшін маңызды оқиға болды», деді әкім.

Осылайша, ағымдағы жылы облыс орталығында 75,4 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 21,6 мың шаршы метрге көп. Оның ішінде 6 мың шаршы метрі тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған.  Жалпы, жыл қорытындысы бойынша, 500-ден астам пәтердің құрылысы жоспарланған және ол жерге жас отбасы, Тұрғын үй құрылыс банкінің салымшылары және тағы басқалар қоныстанады. 

Барлық жаңалықтар