• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен CNPC корпорациясының басшысы қазақстандық газды Қытайға экспорттаудың болашағын талқылады

Н.Назарбаев пен CNPC корпорациясының басшысы қазақстандық газды Қытайға экспорттаудың болашағын талқылады

4 Шілде, 2016 18:23
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев CNPC корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында  компанияның Қазақстандағы қызметі талқыланып, Қашаған кен орнындағы жөндеу-қалыпна келтіру жұмыстары  мен Қытайға қазақстандық газды экспорттау әлеуеті қарастырылды.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, CNPC компаниясы Қазақстанның ірі инвесторларының бірі, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың тереңдеуіне үлесін қосты.

«1997 жылдан бастап компания біздің экономикаға 10 млрд доллар инвестициялады, 20 млрд доллар барлауға жіберілді. Бұл өте ауқымды инвестициялар. Қазір барлық мұнай компаниялары энергия рессурстарына әлемдік бағаның түсуіне орай қиыншылыққа ұрынып отыр. Сондықтан да біздің алдағы шараларды талқылаудың уақыты келді», - деді Н.Назарбаев. 

Барлық жаңалықтар