• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Құсайынов: Үй құрылысы комбинатының баспана құны нарықтық бағадан 20 пайызға арзан болады (БЕЙНЕ)

Д.Құсайынов: Үй құрылысы комбинатының баспана құны нарықтық бағадан 20 пайызға арзан болады (БЕЙНЕ)

4 Шілде, 2016 19:04
Үй құрылысы комбинатының баспана құны нарықтық бағадан 20 пайызға арзан болады, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «GLB» үй құрылысы комбинатының атқарушы директоры Дінмұхаммед Құсайынов.

«Үй құрылысы комбинатының негізгі идеясы өндірістің көмегімен зауыт жағдайында құрылыстың уақытын қысқартады.  1,5-2,5 жыл бойы салынған үйлер 6-9 айда салынып бітеді», - деді Д.Құсайынов.

Негізгі құн қысқартылады. Аталмыш баспананың құны 20 пайызға нарықтық бағадан арзан болады.

«Біз ақшаға назар аудармаймыз, себебі материалдарға тәуелдіміз, олардың бағасы түсіп не көтеріліп отырады. Бұл баспана бірінші кезекте әлеуметтік бағытқа арналған, арзан ақшаға сапалы баспанамен қамтуды жүзеге асырудың амалы», - деді ол.

Кәсіпорынның атқарушы директоры айтып өткендей, өндірісте қолданылатын шикізаттың 80 пайызы қазақстанық өнім болып табылады.

«Темір бетон өнімдері цемент пен құмнан жасалады. Астанада бұл материалдар көбіне өндіріледі», - деді ол.

Еске сала кетейік, 30 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үй құрылысы комбинатының жұмысымен танысқан болатын.

Анар Тәңірқұлова

Бейне:   Азамат Әлиев

 

Барлық жаңалықтар