- Басты
- Жаңалықтар
- «Батыр арулар» байқауының жеңімпаз әскери қызметшілері жауынгерлік жағдайда сыналды (ФОТО)
«Батыр арулар» байқауының жеңімпаз әскери қызметшілері жауынгерлік жағдайда сыналды (ФОТО)
Танктің астында жату, жауынгерлік керек-жарақпен кедергілер жолағынан өту, БТР-ды жүргізу және арнайы тапсырманы орындау, міне мұның бәрін 12 жеңімпазға өздерінің жауынгерлік әзірлігі және дене даярлығын дәлелдеу үшін орындауға тура келді.
Жауынгерлік сынақ кезеңдерінің өтуі – бұл «Батыр арулар» байқауының міндетті басты шарты. Оның қатысушылары тек әйел, аяулы ана, асыл жар ғана емес, олар – кез-келген уақытта Отанын қорғауға бек дайын, жауынгерлік әзірлігі жоғары әскери қызметшілер. «Соғыс алаңында ерсің бе, әйелсің бе ешкім де аңғармайды.
Тек қарсылас пен орындауға міндетті тапсырма ғана бар. Сондықтан да армияда қыздарға ешбір жеңілдіктің болмағаны әділдік деп есептеймін. Әскери қыз-келіншектер ер азаматтармен иық тіресе ең күрделі деген тапсырмалардың өзін тең дәрежеде орындайды. Мұндай жауынгерлік сынақтарға қатысу – бұл біздің әзірлігімізді көрсету мен әрине, өз күшімізді сынау деп білеміз.
Сынақ күрделі болды. Дегенмен, біз бір команда ретінде жұмылып барлығын орындадық. Біз нағыз арнайы бөлімшеге айналдық», - дейді қатысушылардың бірі ҚР Қорғаныс министрлігі Бас әскери-клиникалық госпиталі жақ және бет хирургиясы бөлімінің аға маманы Айжан Мұсаева. Жауынгерлік сынақтан бөлек байқау жеңімпаздарын кәсіби стилистердің қолынан әрлеу және мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия мен ресми марапаттау күтіп тұр.
Әскери қыз-келіншектер арасындағы республикалық «Батыр арулар» байқауы осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 12 үздіктің қатарында болу үшін 80-нен астам қазақстандық армияның әртүрлі тектері мен түрлерінен байланысшы, десантшы қыздардан бастап әскери дәрігер және өнерпаздарды құрайтын 80-нен астам өкіл қатысқан болатын. Ашық онлайн дауыс берудің қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің әскери мамандық иегерлерінің 12 өкілі анықталды.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады -
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды