• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов: «Жасыл» энергияны барынша дамыту үшін қаржы ағыны тартылуы керек

К.Мәсімов: «Жасыл» энергияны барынша дамыту үшін қаржы ағыны тартылуы керек

4 Шілде, 2016 16:52
«Жасыл» энергияны барынша дамыту үшін қаржы ағыны тартылуы керек, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «жасыл» экономикаға көшу туралы кеңестің IV отырысында.

«Бүгін өте маңызды талқылау болды, біз бұл пікірталасты дамытуымыз керек.  Энергетика министрі Қанат Бозымбаев  бұл үрдісті насихаттайтын тұлға болуы керек. Біз есептік түрде әлемде қанша тақырыпқа байланысты оқиғаның шешілуі туралы толлассыз әңгіме өрбітуге болады, алайда қаржы ағыны ышынмен құйылған жағдайда ғана іс жүзеге асады,  қазір барлығы соған келе жатыр», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр айтып өткендей, болашақта «жасыл» емес жобаларды қаржыландыру қиынға түсе бастайды.

«Мен G-20 елдері дамып жатқан әдіске қараймын, бірінші кезекте ҚХР мен АҚШ бұл тарапқа қарайлайды. Біз бұл үрдістан қалыс қалмауымыз керек», - деді К.Мәсімов.

«Жасыл» экономикаға көшу  Кеңесінің IV отырысының қорытындысында К.Мәсімов ЭКСПО-2017 көрмесінің рөлін атап өтті. Ол министрге тыңғылықты дайындалуды тапсырды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар