- Басты
- Жаңалықтар
- Қыркүйекте Мемлекет басшысы Қытайда өтетін G-20 отырысына қатысады
Қыркүйекте Мемлекет басшысы Қытайда өтетін G-20 отырысына қатысады
«Қытай Халық Республикасы Төрағасының шақыруымен қыкүйек айында Мемлекет басшысы G-20 отырысына қатысады. »Президенттің тапсырмасы бойынша энергетика министрі Қытайда өткен энергетика министрлерінің G-20 отырысына қатысып келді»,-деп хабарлады К.Мәсімов.
Министрлер кабинеті басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев күн тәртібіндегі негізгі отырыс парниктік газ шығарындыларын азайту бойынша міндеттерді орындау және энергетиканы экономикалық шығынға ұшыратпай дамыту болғанын атап өтті.
«Болашақтың энергиясы белсенді түрде талқыланды. Барлық G-20 елдері болашақ таза «жасыл» энергия үшін жарасады. Бірақ, түрлі елдер таза «жасыл» энергияны әрқалай түсінеді. Көмір қоры мол, көмір энергиясы үлесіне басымдық беретін елдер жаңа технологияны пайдалану арқылы қоршаған ортаға зиян тигізбей де көмірді пайдалануға болады, деп есептейді. Кейбіреулер табиғи газды да тиімді пайдалануға болатынын алға тартады. Бүгінгі көмірсутекті шикізат құны төмендеп тұрған уақытта, табиғи газдың жалпы үлесі айтарлықтай артып отыр»,-деді Қ.Бозымбаев.
Ведомство басшысы көптеген елдер ЖЭК өскеніні қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар, 2030 жылға дейін «жасыл» энергия жалпы көлемде басымдыққа ие болуы керектігін тілге тиек етті.
«Бұл 2013 жылы таңдалған «жасыл» экономиканы дамыту Стратегиясын Қазақстан дұрыс таңдағанын және қазір дұрыс бағытта екенін көрсетеді»,-деді энергетика министрі.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай