• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті: Біздің олимпиадашылардың жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сыйы деп күтеміз

ҚР Президенті: Біздің олимпиадашылардың жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сыйы деп күтеміз

4 Шілде, 2016 16:27
Сіздердің алда болатын жеңістеріңізді Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналға сыйы деп күтеміз, деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев олипмиадалықтармен кездесу барысында мәлім етті.

«Сіздер спорттық олимпиадалық отбасының толық мүшесі болып табыласыздар. Араларыңызда жастар көп, сол себепті алдағы уақытта түрлі жарыстар болады. Барлық Қазақстан сіздер үшін жанкүйер болатынын естен шығармауларыңыз керек. Өз басым жанкүйер ретінде үш Олимпиада ойындарында қатыстым. Алайда, осы жолы бара алмайтын шығармын, дегенмен жанкүйер боламын. Сіздердің қатысқандарыңыздың өзі барлық қазақстандықтарға күш жігер береді, оларды қуантады. Сол себепті, сіздердің әкелетін жеңістеріңізді Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сый деп күтетін боламыз»,-деді Елбасы.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев жарыс қарапайым емес әлемде және Бразилияда өтетіндігін айтып өтті.

«Барлық допингке қарсы шаралар қарапайым емес және көбіне түсініксіз. Алайда оның барлығы сіздерге әсер етпеуі тиіс, сіздердің тапсырмаларыңыз – күресу және жеңіске жету»,-деді Елбасы.

Естерінізге сала кетейік, Олимпиада-2016 Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 5-нен 21-ші тамыз аралығында өтеді және оған 102 қазақстандық қатысады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар