• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев РИО олимпиадасына қатысатын қазақстандықтарға елдің байрағын тапсырды (ФОТО)

Н. Назарбаев РИО олимпиадасына қатысатын қазақстандықтарға елдің байрағын тапсырды (ФОТО)

4 Шілде, 2016 16:19
Бүгін олимпиадалықтармен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таэквондошы Руслан Жапаровқа елдің байрағын тапсырды.

«Біз аса шын ықыласымызбен сендердің жеңістеріңе сенеміз, құрметпен, қошеметпен  жеңімпаздарымызды осы стадионда қарсы аламыз. Жолдарың болсын. Барлығы адамданың ойында пайда болады, адам қалай ойласа солай болады. Сондықтан тек қана жеңіс туралы ойлаңдар, тек қана жетістік, ең жоғарғы жеңіс туралы ойлаңдар. Елдің көк туын Руслан Жапаровқа ұсынамын, байрақты жоғары ұстап, осы байрақпен елге жеңіспен оралса деймін», - деді Елбасы.

Президент айтып өткендей, спортшылардың жеңістері  Қазақстанның әлеуетін, мәртебесін көтеретін қоржынға қосылады.  Себебі, экономикасы дамымаған, әліз мәдениеті бар елде спорт дами алмайды.

Айта кетейік, спортшылар мен жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы биыл тамыздың 5-21 аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтедi. Бұл – Оңтүстiк Америкада өтетiн алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев 

 

Барлық жаңалықтар