• Басты
  • Жаңалықтар
  • Энергетика министрлігі: Қазақстанда 2001 жылдан 2015 жылға дейін қалдық көлемі 2 есеге өсті

Энергетика министрлігі: Қазақстанда 2001 жылдан 2015 жылға дейін қалдық көлемі 2 есеге өсті

4 Шілде, 2016 16:04
Қазақстанда 2001 жылдан 2015 жылға дейін қалдық көлемі 2,1 есеге өсті , деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Жасыл экономикаға» көшу кеңесінің IV отырысында. Отырыс Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағылығмен өтті.

«1990 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Қазақстан  қалдықты CO2 эквивалентінде 3,18 млрд тоннаға қысқартты. Сондай-ақ, 2001 жылдан бастап 2015 жылға дейін  қалдық көлемі 2 есеге өсті. Қалдықтардың көп көлемі энергетикаға ғана емес, өндіріс пен ауыл шаруашылығына  тиесілі», - деді Қ.Бозымбаев.

Ол айтып өткендей, Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банктің нарығына дайындықтың серіктестігінің қолдауымен 2030 жылға дейін қойылған мақсаттың есебін өткізді.

Қалдықтарды азайту саясатынан тиімді макроэкономикалық әсер болмақ. 2033 жылдың соңына дейін  ЖІӨ өсімін 1,3 пайызға өсуді негізгі сценарий бойынша қарастырып отыр. Париж климат  келісімі ратификацияланатын болса Қазақстан төменкөмірсутек дамуы әлеуетіне ие болады.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар