- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев олимпиадалықтарды қазақстандық спорттың әлеуетін тағы бір мәрте барша әлемге танытуға шақырды
Н.Назарбаев олимпиадалықтарды қазақстандық спорттың әлеуетін тағы бір мәрте барша әлемге танытуға шақырды
«Рио-де-Жанейрода өтетiн Олимпиада ойындарына бiр айдай уақыт қалды. Бұл жиын Қазақстанның 25 жылдығы қарсаңында болайын деп отыр. Сондықтан, сiздерге өте үлкен сенiм жүктеледi. Олимпиадаға әлемнiң түрлi елiнен 10 мың спортшы келедi. Барлығы кiлең дүлдүлдер. Барлығының жеңгiсi келедi. Сондықтан 26 спорт түрiнен 100-ден астам жолдама алдық. Баршалырыңызға табыс тiлеймiн. Бұл көрсеткiш жаман емес, бiрақ, жолдаманың саны емес, спортшылардың сапасы қажет», - дейдi Елбасы спортшылармен дәстүрлi кездесуiнде.
Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, Қазақстанның ұлттық құрамасы Рио-де –Жанейродағы Олимпиада басталуына дайын.
«Бізде спортқа ерекше мән беріледі, оны баршамыз білеміз. Соңғы үш жылдың ішінде олимпиадалық резервтің кешенді дайындалуы үшін халықаралық деңгейдегі спорт нысандары салынды. Бұл Дүниежүзілік бокс академиясы, Алматыдағы дзюдо академиясы, «Тараз-арена», «Қарағанды-арена» мұз сарайы мен елордадағы көпфункционалды мұз сарайы», - деді Елбасы.
Айта кетейік, спортшылар мен жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы биыл тамыздың 5-21 аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтедi. Бұл – Оңтүстiк Америкада өтетiн алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.
Индира Кауметова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды