Астанада Париж климат келісімін іске асыру тетіктері талқылануда

4 Шілде, 2016 15:01
Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу бойынша Кеңестің IV отырысы өтуде.

 Кеңестік кездесу барысында Париж климаттық келісімін іске асыру мәселесін талқылайды. Ол Париж қаласында 2015 жылдың желтоқсан айында климатты өзгерту бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясы тараптарының 21-ші конференциясының қорытындысы кезінде қабылданды.

ҚР энергетика министрлігінің мәлеметінше, 2016 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша – 177 ел Париждік келісімге қол қойды, сонымен қатар 18 ел БҰҰ-ның Депозитарийге ратификациялау құралдарын таныстырды. Қазақстан өз кезегінде Париждік келесімге қол қоюды аяқтауда және Кеңес аясында оның іске асыру тетігін талқылауды жоспарлауда.

«Жасыл» экономикаға көшу бойынша Кеңестің IV отырысына ҚР энергетика минитсрі Қанат Бозымбаев, Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылары, ЕҚДБ, дипломатиялық өкілдіктер қатысады.

Кеңес отырысының соңында климаттың өзгеруі және төмен көміртекті дамуға көшу саласындағы саясатын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар қабылданатын болады.

Естерінізге сала кетейік, Кеңес ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Оның мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиялық ұзақ мерзімді құжатты және 2013 жылы  «жасыл» экономикаға көші бойынша Тұжырымдаманы іске асыру болды. Кеңес мүшелеріне мемқызметтің басшылары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ҮЕҰ кіреді. Кеңес сектораралық диалогты ұйымдастыру үшін бірегей алаң болып табылады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар