- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісмендер Павлодар облысының этномәдени бірлестіктеріне үштілділікті енгізудің жаңа әдістері туралы түсіндірді
Мәжілісмендер Павлодар облысының этномәдени бірлестіктеріне үштілділікті енгізудің жаңа әдістері туралы түсіндірді
Кездесудің басты тақырыбы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылау болды. Владимир Божко өз сөзінде Қазақстан Республикасында үштілділікті енгізудің жаңа әдістері туралы айтып өтті.
«Бәрімізді Қазақстанда үштілділікті енгізу күрделілігі толғандырады». «Жақында біз ҚР білім министрінің баяндамасын тыңдадық. Ол көптеген қызықты нәрселер айтты. Мысалы, тілді Парето принципі негізіне игеру керек. Ғалымдар заманауи адамның басқа тілдегі ақпараттың 60%-ын жеткізу үшін барынша қолданбалы 400 сөзді қолданатынын әлдеқашан дәлелдеген болатын. Ауылдық жерде тұратын адамның тұрмыстық тілді меңгеруі үшін бар-жоғы 400 сөз білуі керек, сонда ол барлық ақпараттың жартысын игере алатын болады. Шет тілдегі ақпараттың 82%-ын игеру үшін мың сөз білу жеткілікті. Ал енді бұл жерде неге біз 25 жылда мың сөз жаттай алмадық деген сауал туындайды. Өйткені бізді үтір-нүктені қоюды, грамматиканы меңгеруді үйретті. Ал егер өткен материалды алғашқы екі сағатта қайталамаса, оқушы төрт сағаттан соң ақпараттың 50%-ын ұмытады, ал төрт күн ішінде жаңағы материалдың тағы 20%-ы ұмытылады. Нәтижесінде, қазіргі тіл үйрету жүйесі толықтай тиімсіз. Бүкіл әлем бойынша дәлелденген – қайталауымыз керек», - деп атап өтті Владимир Божко.
Мәжіліс депутатының айтуынша, қазіргі уақытта жаңа білім беру бағдарламасы әзіленуде, ол тілдерді игеру әдісін толықтай өзгертпек.
Сонымен қатар, парламент депутаттары білім беру жүйесіндегі және басқа да салалардағы реформалардың іске асырылуын жіті бақылап отыратын болады, деді В.Божко.
«Бұл Елбасының біздің алдымызға қойған басты міндеттердің бірі. Әсіресе, «Бес институционалдық реформа» шеңберінде енгізіліп жатқан міндеттер»,- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Владимир Божко.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары