• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау және Батыс Қазақстан облысының әкімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)

Атырау және Батыс Қазақстан облысының әкімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)

4 Шілде, 2016 12:51
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен отандық тауар өндірушілерді қолдау, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, ел экономикасын әртараптандыру мақсатында өткен облысаралық кездесу Атырау облысы әкімдігінде қос өңір делегацияларының басқосуынан басталды.

Жында сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев батысқазақстандық делегация мүшелеріне Қош келдіңіздер айтып, Атырау облысының бүгінгі таңдағы өндірістік әлеуетіне тоқталып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

“Ел экономикасының локомативі атанған Атырау жері — шикізатқа бай, өндірісі өркендеген өлке. Атырау өңірінде мұнай мен газдан өзге гипс, әк тасы, құрылыс құмы, калий тұзы, кірпіш өнеркәсібі үшін саз, тағы да басқа пайдалы қазбалар бар. Мақсатымыз – шикізатқа деген тәуелділіктен айырылып, өнеркәсіпті сапалы дамыту. Сол мақсатта Батыс Қазақстан облысымен өнеркәсіп саласын дамыту, ел экономикасын арттыру жолында бірқатар қоян-қолтық жұмыс атқарып келеміз. Бүгінгі басқосуда мұнай өңдеу, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу секілді маңызды салада бірқатар жұмысты бірлесіп атқаруға бағытталған меморандумға қол қойдық”, — деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов көршілес жатқан қос өңірдің бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста екендігіне тоқталып, бұдан әрі де өңіраралық ынтымақтастықты бұрынғыдан да арттырып, ел экономикасын дамытуда бірлесе атсалысуға шақырды.

Мәжіліске қатысқан қос өңірдің кәсіпкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, түйінді мәселелерге тоқталды. Кездесу соңында екі облыстың басшылары өңіраралық ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Сонымен бірге Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар өндіруші кәсіпорын басшылары мен кәсіпкерлер де екі жақты меморандумға қол қойды.

Өңір басшысы Алтай Көлгінов бастаған батысқазақстандық делегация Атырау қаласындағы жүн өңдеу және жүн өнімдерін шығарушы “Caspiy Lana Atyray” ЖШС-да болып, кәсіпорын жұмысымен танысты.

Батысқазақстандықтардың Атырау өңіріне сапары оралдық көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Барлық жаңалықтар