- Басты
- Жаңалықтар
- Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді
Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді
Сағат 01:00 №1 перинаталды орталықта қыз туды. Ол ата-анасының тұңғышы. Анасы – №9 «Нұршашу» балабақшасының тәрбиешісі Арайлым Мұхамедьяр (1994 ж.т.), әкесі - «Астана-РЭК» маманы Олжас Мұхамедьяр (1992 ж.т.), деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Қала әкімі Әсет Исекешев ерлі-зайыптыларды құттықтап, пәтер кілтін табыстады. Жас отбасы ата-анасымен тұрады, сондықтан бұл олар үшін нағыз тосын сый болды.
«Бүгін мен үшін қос мереке – әкемнің туған күні және қызым дүние есігін ашып отыр. Оның үстіне, пәтер кілтін табыстады. Мемлекет басшысына алғыс айтамын, жасалған жағдайлардың арқасында сап-сау қыз тудық. Ай сайын, жыл сайын халқымыздың саны арта берсін деп тілеймін. Әке мен ана болу бақытын әркімнің басына берсін», - дейді қызының есімін Саида деп қойған бақытты әке.
18 жылда ерлордада бала туу көрсеткіші екі есеге өсті, ана мен сәби өлімі 5 еседен артық төмендеген. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік денсаулық жүйесіне баса назар аударуының арқасында қолжеткізілді. Күн сайын елордада 75-80 бала туады. Өткен жылы Астанада 26110 нәресте, ал үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 13740 сәби дүниеге келген. Қаладағы перинаталды орталықтардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша қауіпсіз ана қағидаты бойынша жұмыс істейді.
-
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Елорданың санитарлық дәрігері: CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
Елорданың дамуы: Қаланы абаттандыру, инвестиция, тұрғын үй, жол мәселелері -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы -
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді -
Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы: Абайтануды оқушылардың жасына қарай кезең-кезеңімен оқыту керек -
Шымкентте пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелді -
Алматыға Мәскеуден бір топ дәрігер COVID-19 ауруымен күресуге келді -
Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға COVID-19 індетімен күресуге келді -
Ғ.Ағаділов: Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелді