• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Нұрсұлтан шыңына шығу шарасы ұйымдастырылды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Нұрсұлтан шыңына шығу шарасы ұйымдастырылды

4 Шілде, 2016 12:34
Алматыда бұқаралық спортты дамыту бағытында спорттық белсенді демалысты наихаттау мақсатында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында Нұрсұлтан шыңына шығу шарасы ұйымдастырылды.

«Нұрсұлтан 2016» альпиниадасы Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналды. Нұрсұлтан шыңына шығуға 1 200 адам тіркеліп, олардың ішіндегі 174 адам шыңға шықты. «Скайраннинг» жылдам жүгіруге 82 адам тіркелді, деп хабарлады Алматы әкімдігінен.

«Нұрсұлтан 2016» альпиниадасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы халыққа Жолдауына сәйкес, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

«Нұрсұлтан 2016» Альпиниадасы іс-шарасының қортындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Барлық жаңалықтар