Электронды сот құжаттарының дұрыстығы QR-кодымен расталады – ҚР ЖС

4 Шілде, 2016 13:47
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті электронды сот төрелігін одан әрі дамыту шеңберінде электрондық сот құжаттарының заңдылығын тексеру үшін пайдаланушыларға қызмет түрі қосылды, сонымен қатар сот акілеріне де, деп ведомствода хабарлайды.

Барлығына мәлім, онлайн-қызметті пайдалынушылар әлі күнге дейін электронды құжатқа күмәнмен қарайды. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисінің пайдаланушылары күн сайын артуда және қазіргі күні республиканың сот органдарына электронды түрде 809-дан астам электронды талаптар, өтініштер және тағы да басқа құжаттар жіберілді.

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті электронды сот төрелігін одан әрі дамыту шеңберінде электрондық сот құжаттарының заңдылығын тексеру үшін пайдаланушыларға қызмет түрі қосылды, сонымен қатар сот акілеріне де»,-деп хабарламада айтылған.

Ендігі күні әрбір азамат пен заң өкілдері QR-код арқылы электронды құжаттардың заңдылығын құра алады. QR-кодты тексеру үшін сізге Мобильді Сот кеңсесінің соңғы нұсқасын орнату қажет және арнайы функция арқылы QR-кодқа сканерлеу өткізу керек. Осыдан кейін смартфонның экранында барлық керекті атрибуттармен электронды нұсқа шығады.

Айта кетейік, қабылданған шаралар әділет ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және электронды сот төрелігіне  біртіндеп көшу қадамының бірі болып табылады.

Барлық жаңалықтар