• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мурадов: Елдегі ұлттар арасындағы сенім қарым-қатынасын сақтау – ҚР Тәуелсіздігінің басты жетістігі

А.Мурадов: Елдегі ұлттар арасындағы сенім қарым-қатынасын сақтау – ҚР Тәуелсіздігінің басты жетістігі

4 Шілде, 2016 10:53
Елдегі ұлттар арасындағы сенім қарым-қатынасын сақтау – ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдағы басты жетістігі, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы басты жетістік – осы жылдарда біз адамдар арасында және ұлттар арасында анық сенімділікті қалыптастырдық. Бізде ешқашан ұлтаралық мәселеге жол берілген жоқ»,-деді А.Мурадов.

Депутат сонымен қатар, Қазақстанда барлық этникалық топтардың мүдделері ескерілетінін атап өтті.

«Азаматтық бірдейлік негізінде болашақтың бір ұлтын қалыптастырудамыз. Мен – шешенмін. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінде депутатпын. Мұндай этникалық өкілдік ҚХА арқылы жүзеге асады. ҚХА еліміздің ішінде қандай да бір ұлттық және діни мәселелерге байланысты проблемаларды болдырмайды»,-деді А.Мурадов.

Оның пікірінше, этносаралық қарым-қатынастан маңызды ештеңе болуы мүмкін емес.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар