- Басты
- Отандық компания Қытайға өсімдік майының экспортын биыл 2 есеге арттыруды жоспарлауда
Отандық компания Қытайға өсімдік майының экспортын биыл 2 есеге арттыруды жоспарлауда

Қаңтар-мамырда компания ҚХР-на 905 млн теңге сомаға 2 820 тонна, ал 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 591 млн теңге сомаға 3300 тонна өсімдік майын жеткізді. Жылдың соңына дейін компания қытай нарығына тағы да 7 200 тонна өнім жеткізуді жоспарлауда.
« «Масло-Дел» ЖШС-нің 2 млрд теңге сомадағы экспорттық операцияларын «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компаниясы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) «Нұрлы Жол» Бағдарламасы аясындағы өңдеу өнеркәсібіндегі қазақстандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау мақсатында қаржыландырды. Бұл мақсатта 2014 жылдың соңында-2015 жылдың бірінші тоқсанында Даму банкіне Ұлттық қордан жалпы сомасы 50 млрд теңге болатын (35 млрд және 15 млрд) екі транш бөлінді, олар толық игерілді – «Масло-Дел» экспорттық жеткізілімдерін қоса алғанда 10 экспорттық операция қаржыландырылды», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылы ҚДБ осы мақсатта жалпы 45 млрд теңге сомаға үшінші транш алды: 15 млрд теңге – Ұлттық қордан, 30 млрд теңге – БЖЗҚ облигациялық қарызы түрінде. Қарыз алушылар үшін осы несие ресурстары бойынша ақтық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,5%-дан аспайды, несиелеу мерзімі – 3 жылға дейін.
«Масло-Дел» өнімдерін экспорттау географиясы, ҚХР-нан бөлек, Литва, Эстония, Латвия және Ресей сияқты елдерден тұрады. Компанияның жалпы айналымындағы экспорттық жеткізулердің үлесі 15%-ды құрайды. Өсімдік майынан бөлек, «Масло-Дел» шетелге күнжара – мал шаруашылығында жем ретінде пайдаланылатын қайта өңделген өнім сатады. Барлығы а. ж. қаңтарынан мамырға дейін күнжараны Еуропа елдеріне жеткізу көлемі 9 700 тоннаны құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2200 тоннаға артық. Компанияның жоспарында Еуропа елдеріне (Литва, Эстония, Латвия) және Ресейге күнжара экспортын 2016 жылы 11%-ға - 30 000 тоннаға дейін (2015 жылғы 27 800 тоннадан) арттыру бар.
«Қытай біздің компания үшін зор әлеуетке ие басымдықты аймақ болып табылады. Аспан асты еліне біз 2013 жылдың соңынан бастап өсімдік майын жеткіземіз, ал бұдан әрі тек қана өсімдік майын ғана емес, қойылтылған сүт, кілегей, шоколадты және сары май сияқты сүт өнімдерін жеткізу тоннажын арттыруды жоспарлаудамыз. Алайда әзірге бұл елде аталған өнімдерді әкелуге тыйым салынған. Соған қарамастан, Қытайға сүт жеткізуге құқылы «ерекше-елдер» бар, және біз қазір Қазақстанның сол елдердің тізіміне енуі үшін белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Мемлекет, «Бәйтерек» Холдингі тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдау қосымша қаржыландыру алуға мүмкіндік береді, бұл өткізу нарықтарын кеңейтуге, біздің компанияны дамыту бойынша басымдықты міндеттерді орындауға және экспорттық қуаттылықтарды арттыруға септігін тигізеді», - деп атап өтті «Масло-Дел» ЖШС бас директоры Павел Селиванов.
-
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ
-
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек
-
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады
-
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде
-
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады
-
АШ: Отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады
-
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді
-
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды
-
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар
-
ҚР-дағы вакцинация: Отандық және ресейлік вакциналардың жанама әсерлері мен сақтану шаралары
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек

