- Басты
- Жаңалықтар
- 25 студент дуальды оқыту бағдарламасы аясында Павлодар мұнай өңдеу зауытына жұмысқа орналасты
25 студент дуальды оқыту бағдарламасы аясында Павлодар мұнай өңдеу зауытына жұмысқа орналасты
ПМХЗ-да 2012 жылы бастау алған дуалды оқыту жобасы өз жемісін беруде. ПХМК үшінші курсының 48 студентінен тұратын бірінші топ 2013 жылғы қыркүйекте кәсіпорынға қабылданғанын еске сала кетейік. Нәтижесінде 2015 жылы 27 адам (немесе 61 %) зауытқа жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
2014 жылғы қыркүйекте ПМХЗ-ға колледждің 35 студентінен тұратын екінші топ қабылданды. Екі жылға жуық уақыт тағылымдамадан өтушілер кәсіпорында екі бейінді мамандық бойынша оқытылды: «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы» (18 адам) және «Мұнай өңдеу саласының құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу» (17 адам).
««ПМХЗ» ЖШС персоналды бағалау және дамыту секторының бастығы Людмила Пактің сөзі бойынша, студенттер оқу орнында аптасына екі күн теорияны өтіп, ал үш күн тікелей зауытта практикалық дағды алды. Жалпы алғанда, олардың әрқайсысы кәсіпорында 1800 сағаттан артық уақыт өткізді. Тәжірибеден өтушілерді оқыту оларға бекітілген 36 жоғары білікті тәлімгер маманның басшылығымен өткізілді», - делінген хабарламада.
«Мұнай мен газ өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша оқытылған және мәреге жеткен 17 студенттің 13-і диплом жобасын үздік бағаға қорғады. Төрт түлек «жақсы» деген баға алды. Басқа «Мұнай өңдеу саласының құрал-жабдығына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу» деген бейінді мамандық бойынша 16 тәжірибеден өтуші студент мәреге жетті. Олардың жартысынан көбі (11 дуалшы) жоғары ұпай алып, үздік нәтиже көрсетті, ал тағы бесеуі «4» деген баға алды.
Нәтижесінде комиссия мүшелері әңгімелесу барысында және доплом жұмыстарын қорғаған кезде жақсы білім көрсеткен 25 адамды зауытқа жұмысқа орналастыру, сондай-ақ үш адамды кәсіпорынның кадрлар резервіне енгізу шешімін қабылдады. Бастапқы жоба оң қарқын көрсеткені анық: егер өткен жылы ПМХЗ-ға студенттердің 61% қабылданса, 2016 жылы – 85% қабылданды.
12 технологиялық қондырғылар операторы, 15 компрессорлық қондырғылар мен технологиялық сорғылар машинисі және бір химиялық талдау зертханашысы болашақта «Павлодарлық мұнайөңдеуші» деген мәртебелі атаққа ие болады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері