- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының оқушылары «Мағжан оқулары» республикалық байқауында үздік атанды (ФОТО)
Ақмола облысының оқушылары «Мағжан оқулары» республикалық байқауында үздік атанды (ФОТО)
Сайыс Мағжан ақынның туған жері Сарытомар ауылының Мәдениет үйінде өтті. Ақмола облысы намысын Ақкөл ауданы қарасты білім ұйымдарының 3 оқушысы қорғады.
«Өлең - менің Шолпаным, Айым. Күнім.» атты 1-номинация мәнерлеп оқудан Ақкөл ауданының Кеңес орта мектебінің 9- сынып оқушысы Мырзахмет Рана Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Ал «Толқынды толқын қуады...» атты 2- номинация бойынша Минск орта мектебінің 8- сынып оқушысы Маулетхан Ақжол «Түркістан өлеңінің көркемдік ерекшелігі» атты ғылыми жоба қорғап, 1- орын және бағалы сыйлық бейнекамерамен марапатталды. Ғылыми жобаны дайындаудағы айрықша еңбегі үшін Минск орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хадыр Мұратбек Алғыс хатпен марапатталды.
«Ақын да бір бала ғой, айға ұмтылған...» 3- номинация бойынша Кеңес орта мектебінің 10- сынып оқушысы Жарқынбек Бағыдат Бас Жүлдені иеленіп, облыс әкімінің арнайы сыйлығы ноутбукпен және ерекше ақындығы үшін жекелей Алғыс хат, бағалы кітаптармен марапатталды.
Оқушылардың жетекшісі аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышхан Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты