- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ҰБТ жүйесі жетілдірілетін болады – А.Сәрінжіпов
ҚР-да ҰБТ жүйесі жетілдірілетін болады – А.Сәрінжіпов
«Бүгінгі таңда білім беру саласын жетілдіру туралы жиі айтамыз. Осы мақсатта оқу бағдарламасына машықтандыруды енгізуіміз керек. Осыған орай білім деңгейін бағалау кезінде де осыған мән беруіміз керек. Тиісінше бағалау жүйесі де жітілдірілуі керек», - деді А.Сәрінжіпов.
Оның айтуынша, ҰБТ мәселесінің ең қиын жері – жоғарғы сынып оқушыларының білім алуға талпынбай, тестке дайындалатыны. Шын мәнінде бұл екеуі мүлде екі бөлек дүние.
«Осы себепті жұмыс тобымен ҰБТ жүйесі жетілдірілетін болады. Тесттер барынша ашық болып, білім деңгейін әділ бағалау жолында жұмыс істейміз», - деді еліміздің бас ұстазы.
Сонымен қатар білім мен ғылым саласында түйіні тарқатылмаған көптеген мәселенің бар екені жасырын емес.
«Өздеріңіз білесіздер, еліміз бәсекеге қабілеттілік деңгейі бойынша әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. Қойылған талаптардың ішінде білім беру көрсеткіші де қарастырылған. Алайда жекелей алғанда еліміздің білім беру деңгейі 88-орында. Ал математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша 75 орында. Ал кәсіпкерлік пен ЖОО әріптестігі бойынша 79 орында екенбіз», - деді министр.
Сәрінжіповтың сөзіне сенсек, бұл көрсеткіш біз үшін қанағаттанарлық көрсеткіш емес. «Егер біз 30-дықты бағындыруға күш салсақ, онда білім беру саласы елімізді кейін қарай тарпауы керек. Керісінше сүйреуші күшке айналуы тиіс», - деді.
Сонымен қатар Қазақстанның аталмыш салада алдыңғы қатардан көрінген тұсатары да бар екенін айта кетті министр.
«Бұл белгіленген ноу-хау, біз параллель қанатқақты жүйе құрдық. Соның ішінде Назарбаев интеллектуалды мектептері. Бұл мектептерде жаңа білім беру жүйесі мен жаңа бағалау әдістері қолданылады. Келер жылдары осы мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін өзге де орта мектептерге енгізуді көздеп отырмыз», - деді министр.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады