- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО әкiмi өңiрдiң құрылыс нысандарын аралады
СҚО әкiмi өңiрдiң құрылыс нысандарын аралады
БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатта учаске басшысы Бөгенбай Мұсылманбеков: «Ғимарат 80%-ға аяқталды. Қазiр әрлеу, сылау жұмыстары жүргiзiлiп, қойма мен қазандық салынуда. Құрылыста 110 адам жұмыс iстейдi. Барлық жұмысты 1 қыркүйекке дейiн аяқтаймыз деп ойлаймын», — дедi.
Құрылыс жұмыстары жүргiзiлiп жатқан ғимаратты аралаған соң Ерiк Сұлтанов жұмыс екпiнiн арттырып, нысанды кестеге сай берудi тапсырды.
Петропавл әуежайының ұшып-қону жолағы мен терминалын қайта салу жұмыстары өңiр басшының әрдайым назарында. Әр апта сайын мұнда арнайы құрылған штаб жөндеу жұмыстарының барысын талқылайды. Қазiр ғимараттағы iшкi әрлеу мен бөлшектеу жұмыстары аяқталып қалған. Құрылысшылар аббаттандыру мен канализация, жылу жүргiзу, электрмен жабдықтау жұмыстарына кiрiскен. Айта кету керек, аэровокзалға күрделi жөндеу жұмыстары 1976 жылдан берi жүргiзiлмеген.
Облыс әкiмi аралаған келесi нысан облыстық филармония болды. Ғимарат қасбетiн әлеу жұмысын «СанТехЭлектроМонтаж» ЖШС жүргiзген. Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов ғимаратты аралаған соң, кемшiлiктердi жоюды тапсырды.
Сондай-ақ, бiр айдан соң мында ғимарат маңайындағы аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталады. Бұл жұмысқа күнi кеше «ДорСтройСервис» ЖШС кiрiстi.
Облыс әкiмiнiң жұмыс сапарының бағдарламасында басты назар салынып жатқан тұрғын үйлерге бөлiнген. Биыл Петропавл қаласында 1100 пәтерлiк 11 үйдi пайдалануға беру жоспарланған. «Береке» шағын ауданы мен Кизатов көшесiндегi құрылыс нысандарын аралаған Ерiк Сұлтанов мердiгерлерге жұмыс қарқынын арттыруды тапсырып, бастысы, уақтында пайдалануға беру керектiгiн айтты.
Сондай-ақ, облыс әкiмi жұмыс сапары барысында «Береке» шағын ауданындағы православтық Севастиан-Магдален шiркеуiне барды.
Қазiргi уақытта жоспар 25%-ға орындалған. Iргетасы дайын, кiрпiш қалау жұмыстары жүгiзлiп жатыр. Шiркеу 300 адамды сыйғыза алады. Нысанды 2018 жылға дейiн аяқтау жоспарланған.
Ал 20-шы шағын ауданда 500 адамға арналған мешiт құрылысы жүрiп жатыр. Бүгiнде бағаналар мен қоршауларды құю жұмыстарымен екiншi мердiгер айналысады. Жоспар бойынша мешiт 2018 жылы пайдалануға берiлмек.
Жұмыс сапары аясында облыс әкiмi тез дайындалатын кеспе, ботқа, сорпа, картоп езбесiн өндiретiн цех «РимКазАгро» ЖШС-не де барды. Жоба 2016-2019 ж.ж. арналған Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлiктi қолдау картасына енедi. Цех 58 адамды жұмыспен қамтымақ.
Ерiк Сұлтанов жұмыс сапарының соңында Жамбыл пен Мүсiрепов көшелерiнiң қиылысындағы жатақханаға барды. Қазiр мұнда бұрын бос тұрған ғимаратты қайта салу жұмыстары жүргiзiлуде. Ғимаратта 4300 шаршы метр аумаққа 5 екi бөлмелi және 85 бiр бөлмелi 90 пәтер жоспарланған. Әрбiреуiнде бөлек ас бөлме мен санитарлық бөлме болады. Бүгiнде нысанда едендер ауыстырылып, қабырғалар тазартылып, қайта жоспарлануда.
Жатақханаға қоныстандыруды осы жылдың желтоқсан айында бастау жоспарланып отыр. Бөлмелердi «СевКазЭнерго» АҚ қызметкерлерi мен аз қамтылған отбасылар ала алады.
Жұмыс сапарының соңында СҚО әкiмi қорытынды жасап, бiрқатар тапсырмалар бердi.
-
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді -
Елорданы дамыту: Тұрғын үй құрылысы, үш ауысымды мектеп және әлеуметтік мәселелер -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері -
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының дамуы