- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы 20 жылдық мерейтойында 185 сержантты түлетіп шығарды (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы 20 жылдық мерейтойында 185 сержантты түлетіп шығарды (ФОТО)
185 бозбала сержанттық иықбелгіге ие болып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар корпусы қатарына қабылданды. Биылғы жылы кадеттердің шығарылымы 1 шілдеде оқу орны атап өткен 20 жылдық мерейтоймен тұспа-тұс келді.
Үздік кадеттер, оқу озаттары бұл күні ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаровтың қолынан «Алтын белгі» төсбелгісін иемденді.
«Бүгінде Кадет корпусының түлегі – ол жоғары кәсіби даярлығы бар, қалыптасқан жауынгерлік жағдайда қалыптан тыс шешім қабылдай алатын, бөлімшеде қару-жарақтың, жауынгерлік даярлық пен тәрбие-идеологиялық жұмыстың шебер қолданылуын ұйымдастыра алатын кіші әскери маман. Бүгінде Сіздердің жеке дайындықтарыңыз, талап қоюшылықтарыңыз, дағдыларыңыз бен шеберліктеріңізден әскери қызметшілер мен бөлімшелердің жауынгерлік машығы ғана емес, сонымен бірге, жалпы, қазақстандық армияның жауынгерлік қабілеттілігі тікелей байланысты. Біз Сіздердің ата-бабаларымыздың даңқты әскери дәстүрін жалғастырып, офицерлердің лайықты қолғанаты болатындарыңызға, Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алған білімдеріңізді іс жүзінде пайдаланатындарыңызға кәміл сенімдіміз. Сіздерге әрі қарайғы қызметтеріңізде сәттілік, жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңызға денсаулық және амандық тілеймін», - деп Қорғаныс министрінің орынбасары түлектерге жылы лебізін білдірді.
Бүгінгі күні Кадет корпусын тәмамдаған 185 бозбала қазақстандық армияның әртүрлі бөлімдері мен бөлімшелеріне қызметке бөлініп те қойды. Олардың әрқайсысымен 10 жылға келісімшарт жасалады. «Мен сержанттық жол бойынша атақтан атаққа қадам баса отырып, нағыз әскери мансап жасағым келеді. Мен оқуды жалғастырып, өзімді жетілдіре түсемін. Кадет корпусы тәртіпке, қиындықтарға төтеп беруге үйретті. Оқытушылар мен командирлер маған көп нәрсе берді. Мен әскери қызметші болу күрделі және жауаптылықты қажет ететін, мықты және қайсар болу керек екенін түсіндім», - деді Кадет корпусының түлегі Данияр Асылбаев.
Кадет корпусының бірінші бастығы, қазіргі кезде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Орталық командалық пунктінің бастығы генерал-майор Жомарт Қуанғалиевтің айтуынша, осы жылдар ішінде оқу орны толықтай негізделіп, барлық үкілеген үмітті ақтап шықты. Және де бүгінгі таңда Кадет корпусының қабырғасында сержанттар корпусының кәсіпқойларын дайындау жөнінде сәтті жұмыс жалғасын табуда.
Оқу орнының алаңқайында мотоатқыш бөлімшелерінің жауынгерлік мүмкіндіктері көрсетілді. Кадеттер сержанттар қатарына қабылдану рәсімінен өтті. Ал одан кейін Қарулы Күштер әскер түрлерінің сержанттарымен бірге капсуланы салып, болашақ сержанттарға үндеу тастады.
Кадет корпусы Қазақстан Қарулы Күштері сержанттары институтының құрылуына жол бастағанын айта кеткен жөн. 20 жыл ішінде оқу орны бүгінгі күні әскерлерде қызмет атқарып жүрген 2 500-ден аса түлекті дайындап шығарды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары