- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің халықпен кездесуі болып өтті
Қызылорда облысында жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің халықпен кездесуі болып өтті
Елбасы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев мамыр айында Ақордада өткен Кеңесте «Жер туралы кодекске» енгізілген өзгерістерге мораторий жариялай отырып, Комиссияға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен бірігіп, ондағы даулы мәселелерге қатысты ұстанымдарды айқындап, Парламентке ұсыныстар беруді тапсырған болатын. Елбасы өз сөзінде: «Алдымен егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келетін болсаңдар, мораторийді аламыз, болмаса, түсірмейміз» деп айрықша атаған еді.
Осы тапсырманы орындау мақсатында құрылған комиссияның бұған дейінгі отырыстары жалпылама сипатта өткізілген. Яғни жерге қатысты барлық сұрақтар тыңдалып, ұсыныстар жинақталған. Ал, бұл жолғы жиын өзгеше бағытта ұйымдастырылды.
«Қазір біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойылып отыр. Жер туралы заңнаманың тиімділігін арттырып қана қоймай, оның ел экономикасындағы салмағы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы рөлін көрсетуіміз керек. Біз бұған дейінгі отырыстарда жалпылама, негізінен бағдарлық мәселелерді назарға алып келдік. Тиісінше, жұмыстың қай бағытта және қалай жасалуы керектігін анықтап алдық. Ендігі кезекте қолданбалық сипаттағы нақты тармақтарды талқылауға, оны жүзеге асырудың механизімдеріне көшкен жөн», - деп атап өтті А.Мырзахметов.
Жер реформасы бойынша комиссияның штаб жетекшісі Е.Н.Нысанбаев отырыстың күн тәртібіне бірнеше нақты ұсыныстарды талқылуға шығарды.
Біріншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтарына 49 жылға жалға беру жүйесі жалғасқан кезде жер бөлу жөніндегі конкурс комиссиясының құрамына қоғамдық кеңестердің, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы және басқа да бірлестіктердің өкілдерін қосу арқылы ашықтық пен жариялылықты кеңінен қамтамасыз ету ұсынылып отыр.
Екіншіден, Министрлік ауыл шаруашылық жерлерін жалға беруді ұйымдастыру мен өткізу туралы Ережені бұйрығымен бекітеді, мұнда конкурс өткізудің тәртібі бойынша әкімдіктердің іс-әрекеттерінің барлық қадамдары нақтыланады. Республикалық, облыстық бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялануымен қатар, қосымша облыстың барлық аудандары бойынша атқарушы органдарға хабарлама беріп, олар өз кезегінде аудан көлеміндегі шаруашылық субъектілерін хабардар ететін болса, конкурстың салмағы да артқан болар еді.
Үшіншіден, жерді жалға беру туралы Үлгілік шарт бекітіледі, онда жердің тиімді пайдалануға бағытталған заңнамалық талаптар толығымен қамтылып, мемлекет тарапынан тұрақты бақылау орнатылады. Келісім шарттың орындалуы да ұдайы назарда болады.
Төртіншіден,жердің тиімді және ұтымды пайдалануын қамтамасыз етуде талаптар күшейтіледі. Атап айтқанда, жердің құнарлығын сақтау, агротехникалық шараларды қолдану, ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігінің орта аудандық деңгейінің 85 пайызынан төмен болмауы, өндіріс технологияларын жүргізуде санитарлық және экологиялық талаптарды сақтау, жаңа технологияларды енгізу негізінде инвестицияларды тарту.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жеке меншікке беру институтын сақтау және ол жерлерді берудің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу, Мемлекеттік шекараның қорғау аймағынан 3 шақырым шеңберінде ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруге тыйым салу сынды салмақты ұсыныстар айтылды.
Өз кезегінде, Комиссия мүшелеріне Қызылорда облысының фермерлері мен кәсіпкерлері көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Жиынға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, құзырлы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен жергілікті шаруа қожалықтарының иелері және т.б. белсенді азаматтар қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды