• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бестөбе ауылының тұрғындары мемлекеттік бағдарлама аясында сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

Бестөбе ауылының тұрғындары мемлекеттік бағдарлама аясында сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

2 Шілде, 2016 14:43
Ақмола облысының Бестөбе ауылында 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту Бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға беріліп, іске қосылды.

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Бестөбе ауылына жұмыс сапарымен барып, ауыл тұрғындары үшін өте маңызды, көптен күткен жақсы жаңалықтың бел ортасында болып қайтты. Онда астана Күні қарсаңында ауылдағы сумен жабдықтау жүйесін іске қосылды.

2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасымен ауылда «Бестөбе ауылының сумен жабдықтау жүйесін құру» жобасы үш жылдай жүргізілген. Осы уақыт аралығында құрылыс компаниясы 95 шақырым жүйені тартты. Оның ішінде 15,2 шақырым магистральді және 79,8 шақырым жүйені ауыл ішінде тарту жобалары бар.

«Биылғы жылдың жазында іске қосу-жөндеу жұмыстары мен тұрғын үй секторлары мен әлеуметтік маңыздағы нысандарға су жеткізу құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілді. Бұл жобаға республикалық бюджеттен 1 718,9 млн. теңге қаржы салынды»,-делінген хабарламада.

Бестөбе ауылының халқы 100% сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. 

Барлық жаңалықтар