ОҚО-да өткен үйлестіру кеңесінде 43 жаңа жоба қаралды – әкімдік

2 Шілде, 2016 13:16
Облыс әкімдігінде өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен «ОҚО Бизнесі» Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отрысы өтіп, 7 мәселе бойынша 43 жоба қаралды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

Кеңесте жеті сұрақ аясында 43 жоба қаралып, кәсіпкерлердің 100% айналым қаражатын толықтыруға бағытталған несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау құралы мақұлданды. Бұл қолдау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаржат есебінен мүмкін болып отыр.

Жалпы облыста Кеңес құрылғалы 130 отырыс өткізіліп, инвестиция құны 523,8 млрд. теңгені құрайтын 1083 жобаға қолдау көрсетілген.

Мемлекет тарапынан қолдау тапқан жобалардың арасында «Golden Nomad» ЖШС-нің брендтік костюм шығару цехы мен «Бал текстиль» кілем өндіретін фабрикалар сынды бірқатар жобалар бар.

Барлық жаңалықтар