- Басты
- Жаңалықтар
- «Қорғас» МШКО қазақстандық бөлігінде алғашқы инвестициялық жоба іске қосылды
«Қорғас» МШКО қазақстандық бөлігінде алғашқы инвестициялық жоба іске қосылды

Оның ашылу салтанатына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Алматы облысы әкімдігі, Қорғас қаласы халық Үкіметінің өкілдері қатысты.
«Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығы Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының шекралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени серіктестік орнату бастамашылығынан туындады.
Алғашқы инветициялық нысан ашылуында «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев сөз сөйледі.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу- бір жол» қытайлық стратегиялық мақсатына арналған маңызды жобалардың негізі бөлігі саналады»,-деп атап өтті.
Оның айтуынша, «Самұрық орталық алаңы» инвестициялық нысанының ашылуы ҚР мен ҚХР арасындағы сауда экономикалық дамуына ықпал етеді. Еуропа мен Азия арасындағы сауда ағынының, Панфилов ауданының Еуразиялық құрлықтағы Суэцк каналы іспетті міндеті атқаруына мүмкіндік туады.
Қорғас (ҚХР) қаласы партия ұйымының хатшысы Ван Ган Қытайда «Қорғас» МШКО танымалдығы артып» келе жатқандығын, аспан асты тұтынушыларының бұл өңірге келуінің жиілегендігін атап өтті. Орталықта оның қызметін жетілдіре түсетін нысандар жедел құрылысы жедел жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда Қытай тарапынан Орталық қызметімен 7,62 млн. адам танысқан болса, қазақстан тарабынан 1,26 млн. адам танысқан.
Алғашқы инвестициялық жоба Цзянсу провинциясы қатысуымен әрі «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА серіктестігі жүзеге асырылуда. Нысанда 8000 шаршы метрлік екі сауда бөлігі бар. Онда шағын алаңшаларында қазақстандық және шетелдік кондитерлік тағамдар, нан өнімдері, темекі, арақ-шараптарының түр-түрлері қойылған.
«Қорғас» МШКО қазақстандық бөлігінде тағы да 56 инвестициялық нысанды қолға алу жоспарланып отыр. Оның ішінде орталық алаң, қолөнер шеберлерінің қалашығы, Конгресс хол, 4 сауда галереясы, ашық базар, сауықтыру орталығы, сауда алаңы, 3 сауда үйі бой көтереді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген

