- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары медицина ұйымдарының жабдықталуы 65,3 % артқан
ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары медицина ұйымдарының жабдықталуы 65,3 % артқан
«Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері денсаулық сақтау саласына мемлекеттен көптеген қолдаулар көрсетіліп, бұл саланы қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайып отырды. Мәселен, 1991 жылы 50,8 млн. теңге бөлінсе, 2015 жылы 93,9 млрд. теңгені құрап, бюджет көлемі 1850 есеге артты»,-деп мәлімдеді басқарма басшысы.
Спикердің айтуынша Тәуелсіздік жылдары облыстағы жедел медициналық көмек бригадаларының саны 173-187 дейін көбейіп, санитарлық автокөлік саны 258-ге жеткізілген. Ал радиобайланыспен 100 пайыз, GPS-навигация жүйесімен 80 пайыз жабдықталған.
Сонымен қатар, осы жылдар ішінде 347 жаңа нысандар салынып, облыстық деңгейдегі наркологиялық аурухана, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, кардиологиялық орталық, облыстық балалар оңалту орталығы, «Мейірім» оңалту орталығы, «Ана мен бала» оңалту орталықтары ашылды. Ал «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында облыстық қан орталығы, Шымкенттегі № 3 емхана, Шымкент және Түркістан қалаларында 2 балалар аурухана мен Төлеби ауданында Ленгір қалалық ауруханасы емханасымен салынып, пайдалануға берілді.
Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай 25 жыл ішінде облыс халқының жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6,9-дан 5,5 дейін төмендесе, ана өлімі 7 есеге, нәрестелер өлім-жітімі 3 есеге дейін төмендеген.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Мерейтой қалай тойланады -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары