Ақмолалық сүт зауыты ресейлік нарыққа өнім шығара бастады

27 Қараша, 2013 16:12
Зеренді ауданының «Milk Project» сүт өңдеу зауыты Ресейге сүт өнімін шығара бастады, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Зеренді ауданының тауарының ресейлік экспортқа шығарылуы сапалылық пен бәсекелестікті арттырады. Сүт заманауи технологиялар бойынша қорытылып дайындалады. Кәсіпорын инновациялық қондырғылармен жабдықталған», - делінген хабарламада.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын қуаттылықты арттырып,  жылына  15,6 млн летр сүт өңдеуге шықты.

Айта кетерлігі, кәсіпорын экологиялық таза аймақта орналасқан.

Барлық жаңалықтар