• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШОБ кәсіпкерлері аграрлық сала бойынша оқитын ЖОО түлектерін тәжірибеден өткізуге дайын

ШОБ кәсіпкерлері аграрлық сала бойынша оқитын ЖОО түлектерін тәжірибеден өткізуге дайын

2 Шілде, 2016 11:04
Соңғы бірнеше жылда біз абитуриенттердің ауыл шаруашылық мамандықтарына қызығушылықтары артқанын байқап жүрміз. Бұдан бөлек, біз үшін шағын және орта бизнес субъектілерін белсендіру керектігі жөнінде белгілер байқала бастады. Жалпы кәсіпкерлер аграрлық сала бойынша оқитын ЖОО түлектерін тәжірибеден өткізуге дайын, деді «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сергей Могильный «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша журналистерге берген сұқбатында.

«Аграрлық универсиеттерді бітірген түлектерді ауылды жерлерде жұмысқа орналастыру тек Қазақстанда ғана емес, әлемдегі өзекті проблема күйінде көтеріліп келеді. Оның себебі ретінде урбанизациялық үдерістердің әлі де жалғасуын атауға болады. Саланың техникалық дамуы айтарлықтай көп жұмыс орынын қажет етпейді. Әлемдегі ЖОО статистикасына қарасаңыз, аграрлық мамандық бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру ауылды жерлерде 25 тен 80% дейін тұрақсызданатынын көруге болады. Бізде осындай күйді кешіп отырмыз»,-деді С.Могильный.

Сарапшы атап өткендей, негізгі проблеманың бірі еңбек ақының төмендігі.

«Барлық әлемде солай. Жастардың ауылдан кетуіне бірден-бір себеп еңбекақының төмен деңгейі негіз болып отыр. Мысалы, АҚШ пен Канадада ауыл шаруашылық кірісі экономика бойынша орташаға жақын. Барлығы қолданылатын технологияға байланысты. Бұл тұрғыда Қазақстанда айырмашылық көп. Екінші себеп – бұл ауылдарымызда инфроқұрылымның дамымауы. Біздің ел үлкен болғандықтан, шығынды көп қажет етеді. Үшінші қиындық – жұмыс қиындығы. Мұнда еңбек демалысы мен жалпы демалыс деген болмайды. Жастардың бәрі оған дайын бола бермейді. Соңғы бірнеше жылда біз абитуриенттердің ауыл шаруашылық мамандықтарына қызығушылықтары артқанын байқап жүрміз. Бұдан бөлек, біз үшін шағын және орта бизнес субъектілерін белсендіру керектігі жөнінде белгілер байқала бастады. Жалпы кәсіпкерлер аграрлық сала бойынша оқитын ЖОО түлектерін тәжірибеден өткізуге дайын»,-деді С.Могильный.

Ботагөз Айтжанова

Бейнетаспа Азамат Алиевтікі

Барлық жаңалықтар