• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда мемлекеттік қызметке түсу үшін байқау тәртіптерінің мерзімі қысқартылды

Қазақстанда мемлекеттік қызметке түсу үшін байқау тәртіптерінің мерзімі қысқартылды

2 Шілде, 2016 10:03
Қазақстанда мемлекеттік қызметке түсу үшін байқау тәртіптерінің мерзімі қысқартылды.

ҚР мемлекеттік қызмет істері  министрлігінде хабарлағандай, 2016 жылдың 19 маусыманан бастап Мемлекеттік қызмет істері министрінің бұйрығымен «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін өткізілетін байқау Ережелеріне өзгерістер енгізілді.

Аталмыш өзгерістер Ведомство аралық жұмыс тобының отырысында құпталды.

Осылайша, енгізілген түсетулерге сәйкес, мемлекеттік органдарға, мемлекеттік орталық органдарды қоспағанда, байқау комисссиясын құруға рұқсат етіледі және ол бес адамнан кем болмауы тиіс.

«Енгізілген жаңашылдық аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдарда байқау комиссиясын құру кезіндегі мәселені шешуге түрткі болады»,-деп хабарламада айтылған.

Осыған орай, мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында және бос орынды лауазымдарды уақтылы ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мерзімі қысқартылды: ішкі байқауды өткізген кезде – бестен үш жұмыс күніне дейін, жалпы байқау – тоғыздан жеті жұмыс күніне дейін.

Ішкі және жалпы байқауға қатысқан кандидаттардың сұхбаттасуы бестен үш жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Нәтижесінде, барлық үш кезеңнің өткізу мерзімі 13 жұмыс күніне қысқартылды.

Естерінізге сала кетейік, мерзімді қысқарту туралы мәселелер Министрдің халықпен кездесуі барысында көтерілді. Кездесу ағымдағы жылдың 8 маусым айында өтті. 

Барлық жаңалықтар