• Басты
  • Жаңалықтар
  • И.Испанов: Жарты жыл ішінде 9 мыңнан астам дау медиация жолымен шешілді (БЕЙНЕ)

И.Испанов: Жарты жыл ішінде 9 мыңнан астам дау медиация жолымен шешілді (БЕЙНЕ)

1 Шілде, 2016 17:19
Қазақстан бойынша 9500-ге жуық іс медиация жолыен шешілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары, деді Жоғарғы соттың жанындағы Сот қызметін қамту департаментінің жетекшісі Ильяс Испанов журналистерге берген сұхбатында.

«Өткен жылдан бері сотқа дейінгі дауларды реттеу енгізілді. Медиацияны қолдауда ҚХА тәжірибесі мол. Меморандумда тараптар айналысатын шаралар тізілген. Бұл орайда ҚХА орындарды ұйымдастыру ісін өзіне алып отыр, Жоғарғы сот медиаторларды оқыту мен кәсіби мамандарды ұсынумен айналысады», - деді И.Испанов.

Ол айтып өткендей, ҚХА медиация қызметін қайтарымсыз жұмыс істейді.

«Ассамблеяда 2 мың дау медиация арқылы шешілді. Негізінде бұл отбасылық-тұрмыстық, жер және азаматтық даулар. Жалпы, республика бойынша 9500 іс медиациялық жолмен шешілді. Ол өткен жолмен салыстырғанда екі есе көп», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар