- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен экипаждарын дайындау үш кезең бойынша өтуде (ФОТО)
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен экипаждарын дайындау үш кезең бойынша өтуде (ФОТО)
Кезеңдердің әрқайсысындағы дайындық жеке-жеке жүргізілуде. Негізгі назар және күш-жігер оқ ату сапасына бөлінуде. Оның нәтижелері теңіз биатлондағы маңызды рөл атқарады. «Теңіз биатлоны» байқауы үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – 3 эпизодта орындалатын оқ атулар – теңіз нысанасы бойынша оқ ату. Өткен жылдағы биатлонмен салыстырғанда осы жылы қалқан сүйретілетін болады. Әрі қарай жүзбелі мина және әуе нысанасы бойынша оқ ату жүреді. Барлық үш эпизод бойынша күшейтілген дайындық жүргізілуде. Ол үшін биылғы жылы корабль практикалық оқ атуларды орындау үшін теңізге көбірек шығады. Екінші кезең – бұл жандылыққа күресуді ұйымдастыру.
Бұл кезең де 2 эпизодқа бөлінеді. Жағалық тренажерлық кешенде судың келіп түсуімен жандылыққа күресу. Осы эпизодты орындауға экипаж санынан 5 әскери қызметші іріктелініп алынды. Олармен тұрақтау кезінде және теңіздегі зәкірде құтқару құралдарын қолдана отырып, жаттықтырулар жүргізілуде.
Теңіз биатлонының үшінші кезеңі – теңіз дағдысы мен құтқару дайындығы. Онда шектеулі жылдамдықпен апатты кеменің сүйретілуі, сондай-ақ, берілген бағдармен корабльдің зәкірге және азық бөшкесіне қойылуы пысықталады. Осы екі эпизодқа дайындалу теңізге әр шыққан сайын жүргізіледі. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері өткен жылы «Каспий кубогы» байқауына алғаш рет қатысқанын естеріңізге сала кетейік. Конкурс қорытындысы бойынша біздің команда екінші орынды еншілеп, күміс медальдар жиынтығы мен «БЛ-680» жылдам жүретін қайықтың жүлдегері атанды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері