Сенаторлар Елбасының кітапханасында болды (ФОТО)

1 Шілде, 2016 16:52
Парламент Сенатының депутаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Онда бүгін «Ашық есік күндері» мерекелік онкүндігі ашылған болатын. Сенаторлар Астана күніне арналған қойылымдармен танысты. Олардың ішінде Н.Ә.Назарбаевтың қызметі, жас Елорданы салу тарихы туралы мұрағат құжаттары қойылған «Көшбасшы әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз» фотосурет деректері де бар.

Көрме авторлары Елбасының әлемдік деңгейдегі саясаткер, бастамашыл тұлға, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі алысты көздейтін және көптеген жасампаздық өзгерістерге қатысушы әрі Мемлекет басшысы ретінде бейнелейтін тарихи түпнұсқа құжаттарға баса назар аударған. Қойылымдарда Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі қалыптасу кезеңдері мен әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткер ретіндегі Мемлекет басшысының рөлі көрініс тапқан.

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов журналистерге берген сұхбатында тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық тарихын бейнелейтін әрбір жәдігердің ерекшелігіне тоқталып, көрменің маңыздылығын атап өтті. Сенатор бұл шаралардың жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге және адамгершілік құндылықтарды қадірлеуге бағытталған деп санайды.
 

Барлық жаңалықтар