Қазақстан Елшісі Өзбекстан президентіне сенім грамоталарын табыстады

1 Шілде, 2016 18:59
Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовке сенім грамотасын табыстады.

Кездесу барысында И.Кәрімов Қазақстан халқы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымен құттықтады. Оның айтуы бойынша, Қазақстан 15 елдің қатарына кірді. Өзбек көшбасшысы бұл жеңіс Қазақстан Президентінің және қазақстандық дипломаттың сыртқы саясатының жемісі екендігін айтып өтті. Сөз барысында, Н.Назарбаев оның ең жақын досы болып келетіндігін айтып өтті, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Өзбекстан басшысының ойынша, бұл тарихи оқиға Қазақстанның егемен мемлекетті құрудағы табысын растайды.  Өткен жылдары Қазақстан айтарлықтай талаптарға қол жеткізді және әлемдік қоғам үшін маңызды серіктес болды. И.Кәрімовтың айтуынша, осындай тарихи жеңіс 25 жыл бұрын мүмкін болмаған. Ол сөз барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болып сайлануы аймақ үшін ортақ жетістік болатындығын айтты.

Ташкентте өткен ШЫҰ Саммитін қорытындылай келе, Өзбекстн Президенті халықаралық қоғамдастық қиын кезеңді бастан өткеріп жатқандығын, терроризмнің қаупі өсіп жатқандығын, жаһандық экономикалық жағдай нашарлап жатқындығын, әлеуметтік институттардың әлсіреп жатқандығын айтып өтті.

Өзбекстан Президенті қазақстандық көшбасшыға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жоғары миссияларды ойдағыдай орындауда жаңа табыстар мен абырой тіледі. 

Барлық жаңалықтар